10 қыркүйек 2020 15:28

Ақтауда ер адам 13 жастағы қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Ақтауда 13 жастағы қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтауда 13 жастағы қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтауда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде 13 жастағы қызбен хат алмасып, оны интим сипаттағы сурет жіберуге мәжбүрлеген 35 жастағы ер адам ұсталды.

Хат алмасу кезінде ол кәмелетке толмаған қызды жалаңаш суретін жіберуге көндірген, кейін қосымша фотолар жібермеген жағдайда оны әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытқан", - делінген хабарламада.

 
ІІМ өкілдері ер адам маусымда ұсталғанын айтты. Қазір ол кәмелетке толмағандарды азғырғаны және порнография таратқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды.

Полицейлер ата-аналарды балалары қызығатын контентті мұқият зерттеп, телефондарын заңмен тыйым салынған материалдардың бар-жоғына тексеруге шақырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети