27 наурыз 2024 14:47

Ақтауда Желіде тараған видеодан кейін "жолдар патшайымы" жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Маңғыстау полицейлері жүргізуші әйелдің дөрекі әрекеті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау полицейлері жүргізуші әйелдің дөрекі әрекеті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында Желіде жолда дау шығарған әйелдің видеосы тарады. Кадрларда қызыл көліктің қос сызықты кесіп кері бұрылып, басқа көлікке жол бермей өтпек болғаны көрінеді.

Біраз уақыттан кейін оқиға жанжалға ұласады: жол ережесін бұзған жүргізуші видео авторын қуып жетіп, өзін өткізіп жібермегені үшін шағымын айта бастайды.

Видео желі қолданушыларының реакциясын тудырды. Қазіргі уақытта бейнебаян 1,5 миллион қаралым жинаған.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиғаның қаңтарда болғанын хабарлады.

"Жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін биыл 18 қаңтарында полиция қызметкерлері анықтап, сол күні төтенше жағдай туғызғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети