19 ақпан 2016 15:51

Ақтауда қарттар мен мүгедектер үйіндегі науқасты ұрып-соғу әрекеті түсірілген видео жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында қарттар үйіндегі науқасты ұрып-соғу әрекеті түсірілген видео жария болды, - деп хабарлайды Tumba.kz. Видеоны жариялаған автордың айтуынша, оқиға Ақтау қаласында 2016 жылдың 11 ақпанында Қарттар мен мүгедектер үйінде болған. Видеода мекеме персоналы мүгедектер арбасында отырған адамды ұрып-соққан делінеді.

Сонымен қатар, видеоға жазылған пікірлерде ер адамның азық-түлігін тартып алып, еденге лақтырғаны, кейін ер адамның өзін де мүгедектер арбасынан құлатқаны айтылады. Еденге құлап түскен ер адам егде жастағы әйелге қарата былапыт сөз айтады. Бұған жауап ретінде әйел видеоға түсіріп жатқан ер адамды аяқ киімімен сабай бастайды. 

Басылымның мәліметінше, Маңғыстаудағы қарттар мен мүгедектердің интернат-үйіндегілер бұл видео жайлы мәліметтен хабары жоқ екенін мәлімдеген. Сөйтсек, видео авторы 1 топтағы мүгедек Евгений Бердюгин екен. Бұрын есірткі қолданған ер адам мекемеде 2011 жылдан бері тұрып келеді екен. Сол уақыттан бері ол мекемеге алкогольдік ішімдік алып кірмекші болады екен. Бұл мекеменің директоры Гүләш Қалиеваның айтуынша, Евгений көп әуре-сарсаңға салған науқас.

Ал Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер видеоны мамандардың зерттеп жатқанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайын құқыққорғаушылар кейінірек хабарлайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети