19 ақпан 2022 10:17

Ақтауда пластик қызғалдақ отырғызған компания 300 миллион теңгенің тендерін ұтты: әкімдік жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Рашид Исмагилов/lada.kz Фото: Рашид Исмагилов/lada.kz

Ақтаудағы атышулы пластик қызғалдақтарды отырғызған компания - Clover Media Group ЖШС-нің тендерден 300 миллион теңге ұтып алуына қатысты жергілікті әкімдік түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтаудағы атышулы пластик қызғалдақтарды отырғызған компания - Clover Media Group ЖШС-нің тендерден 300 миллион теңге ұтып алуына қатысты жергілікті әкімдік түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында Azattyq Ruhy және ProTenge бұқаралық ақпарат құралдары Clover Media Group компаниясы "Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының" қаланы жарықтандыруға қатысты тендерін ұтып алғанын жазған болатын. Әңгіме мемлекеттік бюджеттен 300 миллион теңге бөлінуі туралы болмақ.  

Ақтау әкімдігі қаланы жарықтандыру жұмыстарымен Clover Media Group ЖШС айналысатынын растады. Бірақ, әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық жұмыс демеушілердің қаражаты есебінен істеледі.  

"Ақтау қаласын түнгі жарықтандыруға жаңа эстетикалық дем беру мақсатында аймақтың меценат компаниясы демеушілік көмек ретінде 300 миллион теңге бөлді", - делінген хабарламада.

Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін мердігерлік ұйым жыл соңына дейін техникалық қызмет көрсету мен күтіп ұстауды жүргізетін болады, себебі "бұған бюджеттен қаражат бөлінбеген".

"Демеуші компаниядан қаражат "Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шотына "қаланы сәндік жарықтандыру" бойынша түсті. Осы қаражатқа мемлекеттік сатып алу порталында келісімшарт жасалды", - деді әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети