1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ақтауда сотталушылар наразылық білдіріп, қасықтың сабын жұтып қойды 26 сәуір 2021, 09:06

Ақтау колониясындағы екі сотталған наразылық ретінде қасықтың сабын жұтып қойды. Құқық қорғаушылар ақпараттың рас-өтірігін тексерді, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Тұрар Қазанғапов/ Tengrinews.kz Фото: Тұрар Қазанғапов/ Tengrinews.kz

Ақтау колониясындағы екі сотталған наразылық ретінде қасықтың сабын жұтып қойды. Құқық қорғаушылар ақпараттың рас-өтірігін тексерді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, оқиға 21 сәуірде Ақтау маңындағы ГМ-172/6 мекемесінде болған. Қатаң режим бөліміндегі екі сотталушы қасық сабын жұтып қойған. Олар бұл әрекетті белгіленген режиммен келіспеген соң істегенін айтады.

Колония қызметкерлері оларға медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Қазіргі кезде олардың денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланады.

Осы оқиғаға байланысты Маңғыстау облыстық ҚАЖД бастамасымен қоғамдық бақылау комиссиясы (ҚБК) мен ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

"Бүгін ведомство басшылығының шақыруымен біз бұл мекемеге, атап айтқанда қатаң режимде ұстау жасағына бардық. Қатаң ұстау жағдайында отырған сотталушылармен ұжым ретінде және жеке әңгімелістік. Біз екі жақты да тыңдадық, айтқан сөзінің бәрі мұқият зерттеліп, тексеріледі", - деді Маңғыстау облысындағы ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісі Александр Муха.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging