01 сәуір 2024 16:18

Ақтауда терактінің алды алынды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтауда террактінің алдын алу туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтауда террактінің алдын алу туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 сәуірде Ақтауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстаған.

ҰҚК баспасөз қызметі

"Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Ол бұрын адам өлтіргені үшін сотталған, радикал діни идеологияны ұстанушы болып табылады", - делінген хабарламада.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети