24 мамыр 2022 11:56

Ақтауда тұрғын үй төбесінде ойнап жүрген балалар видеоға түсіп қалған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтауда "Green Park" тұрғын үй кешенінің төбесінде ойнап жүрген балалар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды lada.kz.


Ақтауда "Green Park" тұрғын үй кешенінің төбесінде ойнап жүрген балалар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды lada.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода 17-шағынаудандағы "Green Park" тұрғын үй кешенінің шатырында үш бала жүгіріп жүргенін көруге болады. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 мамырда сағат 19:45-те 102 кезекші бөліміне 17-ші шағынаудандағы "Green Park" тұрғын үй кешенінің шатырында балалар ойнап жүргені туралы хабарлама түскен.

"Полиция қызметкерлері оқиға орнына барғанда ешкім болған жоқ. Қазір кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Шатырға кіру жабық", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети