06 желтоқсан 2022 09:49

Ақтауда ыстық су жоқ: әкім мен "МАЭК" басшысы сөгіс алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласын жылу және ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласын жылу және ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ноғаев "МАЭК-Қазатомөнеркәсіптегі" жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, онда бұған дейін жөндеуге байланысты ауызсу беру қысымы төмендеген болатын.

"Жағдайға нақты талдау жасалуы керек, сондықтан жауапты тұлғаларға "МАЭК" кәсіпорнының жұмысын күнделікті бақылауды тапсырамын. Халық ыстық судың тоқтатылу себебі неде екенін білуі керек. "Бүгін су береміз, ертең таңертең береміз" деп бос уәде берудің қажеті жоқ, тек сұрақтан қашу. Үлкен мәселе болмауы үшін, жағдайды кешенді түрде шешу керек. Бұл жағдай коммуналдық қызметтер мен уәкілетті органдардың жұмысындағы үйлестірудің нашарлығынан", - деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаровқа, қала әкімі Ербол Ізбергеновке, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаевқа, "МАЭК" ЖШС бас директоры Талғат Есентүгеловке және оның орынбасары Мұрат Игалиевке сөгіс жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети