26 шілде 2022 18:04

Ақтаудағы балалардың қауіпті ойыны: ата-аналар жазаланды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Ақтаудағы көпқабатты үй ернеуінде жүрген кәмелетке толмаған балалардың ата-анасы жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.


Ақтаудағы көпқабатты үй ернеуінде жүрген кәмелетке толмаған балалардың ата-анасы жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

Бір күн бұрын әлеуметтік желіде 32Б ықшамауданындағы Atakent тұрғын үй ғимараты сыртындағы ернеуде үш бала қалай ойнап жүргені түсірілген видео жарияланған болатын.

"Біз өтіп бара жатқан едік, биікте ойнап жүрген балаларды көрдік. Қатты қорқып кеттік. Үйге кіруін сұрадық. Кіріп, кейін қайта шықты. Менің балаларым бар, сондықтан өте қатты уайымдадым. Олар пәтерге кірмегенше сонда тұрдым", - деді куәгерлердің бірі.

Видео жарияланғаннан кейін облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция қызметкерлері оқиға орнына барған.

"Кәмелетке толмағандардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында балалармен, сондай-ақ ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді тәртіп сақшылары.

Тәртіп сақшылары балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы - кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау - он ай есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети