31 мамыр 2023 17:49

Активтерді мемлекетке өз еркімен қайтарғандар жауапкершіліктен босатылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару туралы заң жобасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару туралы заң жобасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, егер активтерді қайтару ерікті болса, онда бұл жағдайда активтердің бұрынғы иесімен келісім жасалып, оған сәйкес ол қылмыстық қудалаудан босатылады деп болжанады. Тіпті бұл қаражатты ол заңсыз жолмен алған болса да.

"Егер ол өз еркімен қайтарса, одан әрі қудалау болмайды. Бұл өз еркімен қайтару туралы келісім шарттары болады", - деп түсіндірді Имашева Мәжіліс кулуарында.

Депутаттың айтуынша, мұндай процессуалдық келісімдер қазір де жасалады.

"Әдетте, егер адам қылмыс жасағанын мойындаса, өз еркімен өтелсе, келтірілген залалдың барлығын өтесе, онда бұл жағдайларда қылмыстық қудалау тоқтатылады", - деп еске салды Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, белгілі бір жағдайларда, мүліктің иесі тіпті олардың бір бөлігін өзінде қалдыра алады. Мысалы, оларды қайтару ауыр экономикалық зардаптарға әкелуі мүмкін болса. Мұндай активтерді қайтарудың орындылығын депутаттар мен Үкімет қатысатын комиссия анықтайды.

"Одан да ауыр зардаптарға жол бермеу үшін меншік иесінің қолында қалғаны дұрыс нысандар бар. Мысалы, бұл банк делік. Банкте проблема бар екені айтылса болды, депозиттегі ақша жаппай алына бастайды. Кредиторлар қаржыландыруды тоқтатады, ал біздің қаржы жүйеміз үшін бұл тұрақсыздыққа әкеледі, әсіресе ол ірі банк болса", - деп мысал келтірді Имашева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети