04 шілде 2016 18:02

Ақтөбе облысы ҰҚК департаментіне жаңа басшы келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Ирменов © "Хабар" телеарнасынан алынған кадр Марат Ирменов © "Хабар" телеарнасынан алынған кадр

Ақтөбе облысы ҰҚК департаментіне жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" ақпарат орталығына сілтеме жасап. Облыстың ҰҚК департаментінің жаңа басшысы Марат Ирменовты ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш таныстырды. Айта кетейік, осы қызметке дейін полковник Ирменов Алматы қаласының ҰҚКД басшысының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. 

Сонымен қатар, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 2011 жылдан бері облыстық ҰҚКД басқарып келген Нұрлан Қыдырбаевқа алғыс айтты. "Мемлекет басшысы адамдардың тыныш өмір сүруі үшін бізге халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Біздің облыстағы күш құрылымдарының бірігіп жұмыс істейтінін террорлық әрекеттерге қарсы жұмыс нәтижелерінен байқауға болады. Сіздің кәсібилігіңіздің арқасында барлық жұмыс осы апта ішінде аяқталды. Қазір жағдай тұрақты", - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі департаменттің жұмысын жоғары бағалап, оның қызметкерлері құқық қорғау және арнайы органдармен бірігіп жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети