Ақтөбе облысында 1 жасар қыз құдыққа құлап кеткен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Мой город" "Мой город"

Ақтөбе облысында 1 жасар қыз төрт метрлік құдыққа құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында 1 жасар қыз төрт метрлік құдыққа құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 21 наурызда Мәртөк ауданындағы Жайсаң ауылында болған. Бір жасар қыз өз ауласындағы құдыққа құлап кеткен. Ауылға орталық су құбыры тартылғанша осы құдықтан су алынған. Шұңқыр жабылған, бірақ жер шеттерімен қирап, саңылау пайда болған, нәтижесінде бала саңылауға құлап кеткен.

"Қызым екі метрге құлап кеткен. Ол кезде жұбайым мен қайын атам аулада еді. Қайын атам оны өзі шығарып алмақ болды, бірақ ол тереңдеп барған сайын көрінбеген. Әйелім телефон соқты, мен бірден жеттім, досым Даниярды шақырдым. Бар шаруасын тастап, Жайсаңға келеді", - дейді кішкентай Мәдина Медеттің әкесі.

Данияр төрт метр тереңдіктегі құдыққа түскен. Кішкентай қызды шығару оңай болмаған. Данияр оны күртешесінен сүйреп алмақ болғанда, қыздың күртешесі шешіліп қалған, ал баланы шығарып ала алмаған. Кейін ол жерді қолымен тырмауға мәжбүр болды. Біраз уақыттан кейін ол қызды көтеріп үлгерген.

"Құтқарушылар келгенде, баланы алып шығып үлгерген. Даниярға алғысымыз шексіз. Оның да кішкентай баласы бар. Балаға жақында Санкт-Петербургте ота жасалды. Данияр жұмыссыз, баспанасы жоқ. Біз бүкіл әлем оған ұлын емдеуге көмектестік. Енді қызымызды аман алып қалды", - дейді Мединаның әкесі Медет Қарақұлов.

Оқиғадан кейін Медеттің ауласындағы құдық бірден қоршалған. Қазір кішкентай қыздың жағдайы жақсы.

Желі қолданушылары Данияр Мадияровты марапаттауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer