26 қазан 2019 15:24

Ақтөбе облысында "Алтын адам" табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеден 300 шақырым жерде сармат дәуірінде өмір сүрген адамның сүйегі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеден 300 шақырым жерде сармат дәуірінде өмір сүрген адамның сүйегі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылына жақын жерде қазба жұмыстарын Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері жүргізді.

Тамыздың басынан бері ғалымдар төрт жерлеу орнын зерттеп жатыр (болжамдалған 15-тен). Олардың бірінен археологтар біздің дәуірге дейін V ғасырда өмір сүрген адамның сүйектерін тапты. Оның киімі алтынмен жалатылған. Ғалымдардың пікірінше, бұл оның қоғамдағы жоғары жағдайын көрсетеді.

Қабірде жылқы да көмілген, ер-тұрман элементтері де қымбат бағалы металмен қапталған.

Экспедиция жетекшісі Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас сарапшысы Арман Бисембаевтың айтуынша, ерте көшпелілердің таңдаулы ескерткіштерін зерттеу, облыстың Мұғалжар және Темір аудандарында жүргізіліп жатыр.

"Бұйымдар Алматы облысы Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" дәуіріне жатады. Заттар арнайы мамандарға зерттеуге жіберіледі. Ғалымдар жұмысын жалғастырып жатыр, алда жаңа жаңалықтар күтіп тұр", - деді Арман Бисембаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети