1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ақтөбе облысында карантинге жатқызылған ер адам қашып кеткен

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Шымкенттен келген ер адам үйіне барып келу үшін Ақтөбе облысында карантиннен қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұғалжар ауданының тұрғыны карантин режимін бұзды. Шымкенттен келген ер адам орталық аудандық ауруханаға науқастармен байланыста болған адам ретінде жатқызылған. Алайда ол карантин уақытының аяқталуын күтпей, өз бетінше ауруханадан шығып, үйіне кетіп қалған. Ер адам Әкімшілік бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша ұсталды, іс сотқа жіберілді", - дейді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің өкілдері.  

5 сәуірде төтенше жағдай режимін бұзған 133 дерек тіркелген. Оның ішінде Әкімшілік бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша - 122 құқық бұзушылық, 10 адам қамауға алынып, 56 адамғаайыппұл салынған. Сондай-ақ, 8 адамға ескерту жарияланып, 43 іс сотқа жіберілген. 

Әкімшілік бұзушылық туралы кодекстің 478-бабы боынша 11 тәртіп бұзушылық анықталған, 7 адамға айыппұл салынып, 4 адам қамауға алынды.

Еске салайық, бүгінде Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған 10 адам тіркелген.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!