06 наурыз 2014 12:56

Ақтөбе облысында күйіп қалған көп балалы ана қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Ақтөбе облысында бір нұсқа бойынша бензин құйып, өртеп жіберілген алты баласы бар ана ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. 33 жастағы Жанель Ахметованың жүрегі тоқтап қалған. Еске сала кетейік, бұл оқиға 19 ақпанда Қарғалы ауданы, Қосестек ауылында болған. Келіншек моншада күйіп қалған, нақты айтсақ, оның денесінің 97 пайызын күйік шалған. Ахметова өте ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Келіншек есін жоғалтпаған, "егер 40 күн өмір сүрсем, бұл оқиға туралы айтамын", - деп туыстарына хабарлаған. Жәбірленушіге 100-ден аса адам қан тапсырған. "Қастандықпен кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қаза болған келіншектің анасы Гүлсара Ахметова Жанельдің өліміне өзінің күйеуі кінәлі деп есептейді. "Менің ойымша, Жанельге күйеуі бензин құйып, әдейі өртеген. Өйткені күйеу балам ішімдік ішіп алып, қызыма жиі қол көтеретін. Мен олардың қарым-қатынасына араласқан жоқпын. Сол күні немерем күйеу баламның Жанельдің шашынан сүйреп, моншаға кіргізгенін көрген. Осыдан кейін қызым ауруханаға түскенде, ол жасырынып жүрді. Күйеу балам қызым моншадағы пешті жақты деп айтады. Бірақ оның ішінде отын болмаған. Мен бұл оқиғаның кездейсоқ болғанына сенбеймін", - дейді Жанелдің анасы. Ол қазірдің өзінде күйеу баласына арыз жазып қойған. Алайда полиция бұл нұсқаны жоққа шығарып отыр. "Осыдан кейін біз жәбірленушінің жұбайы мен баласынан, көршілерінен және оқиға болған жерге келген дәрігерлерден жауап алдық. Бастапқы тергеу амалдары барысында жәбіршенушінің туыстары мен баласы тарапынан оны күйеу баласы өртеп жібергендігі туралы арыз түскен жоқ. Ауыл дәрігерінің түсіндіруінше, жәбірленушінің өзі монша жаққанын, сұйықтық құйылған бөтелкені шатастырып алғанын айтқан", - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин. Сонымен бірге прокуратура да бұл оқиғаны жазатайым орын алған деп есептейді. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше: "1 наурыз күні жәбірленушіден жауап алдық. Ол өзі от жағып, солярканың орнына шатастырып бензин шашқанын айтты. Осыдан кейін пешке арқасымен бұрылып, сыртқа шықпақ болғанда кенеттен жана бастаған. Жұбайы көмекке келіп, моншадан шығарып, қармен өшіруге кіріскен. Оның берген түсінігін бейнекамераға жазып қойдық. Қазір сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды. Бұған байланысты Қарғалы аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізуде. Сондықтан тергеу мүддесіне байланысты толық мағлұмат бере алмаймыз". Жанельдің күйеуінен де жауап алынған. Қазір ол балаларымен үйінде отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети