20 шілде 2016 13:12

Ақтөбе облысында пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне алу жұмыстары басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© khabar.kz © khabar.kz

Ақтөбе облысында пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне алу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне алу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылауға қатысты кеңейтілген жиналыс өтті. Оған Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері және мемлекеттік органдар, департамент басшылары, бизнес өкілдері қатысты. 

Ақтөбе облысының Жерді пайдалану және қорғау басқармасы жұмысының қорытындысын Нұрлан Наурызбаев баяндады. Оның айтуынша жылдың басынан бері 367,9 мың гектар аумаққа 381 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде жер заңнамасының 272 заңбұзушылығы анықталып, 162 заңбұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Тәжірибе көрсеткендей, ақтөбелік ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер мен бизнес субъектілері үшін ауыл шаруашылық және сауда-саттық мазмұндағы жерлердің пайдаланылмауы немесе тиімді пайдаланылмауы өзекті сауалдардың бірі болып отыр.

"Шаруашылық субъектілеріне жүргізілген 173 тексерістің нәтижесінде 262,4 мың гектар алаңда 140 құқықбұзушылық анықталып, әрқайсысына анықталған келеңсіздікті жоюға және бір жылдың ішінде жерді мақсатты түрде пайдалану туралы нұсқама берілді. Айта кету керек, аумағы 10,9 гектар болатын 20 жер телімі мемлекет меншігіне алынды. Соның ішінде сот арқылы 3 телім, тағы 17-сі ерікті түрде қайтарылды", - делінген хабарламада.

"Мұндай шара жекеменшік иелері мен жер пайдаланушыларды жерді мақсатты түрде пайдалануға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Олар жерді өңдемейтін болса, жерді жұмыс істегісі келетін және жұмыс істей алатындарға әрі қарай сату үшін мемлекет меншігіне қайтарады", - деді облыс әкімі. 

Дәл осындай жұмысты коммерциялық нысандардың құрылысына берілген жерлермен де жүргізіледі. Ақтөбе қаласы мен аудандарда орналасқан 178 жер пайдаланушы субъектілерінің 476 гектар алаңы бар 122-сі тексеріліп, 110 құқықбұзушылық анықталды.

Облыс орталығының өзінде 371 гектар алаңның 77 жер пайдаланушысына қатысты заңбұзушылық анықталды. Кәсіпкерлерден алаңы 3,8 гектар болатын 5 жер телімі қайтарып алынды. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық маңызы бар трассаларында орналасқан жол бойындағы кемпингтер мен жанармай құю бекеттерін салу үшін берілген жер телімдерін ұзақ уақыт бойы пайдаланбағандығы жөнінде 12 дерек бар.

Олардың қатарында жер телімін үш жыл бойы пайдаланбаған ірі компаниялар бар. Олардың алдында бір жыл ішінде барлық келеңсіздіктерді жою жұмыстары тұр, немесе телімдер мемлекет меншігіне өтуі ықтимал.

"Пайдаланылмаған жер телімдері қайтарып алынып, онымен жұмыс істей алатындарға берілуі керек. 2005 жылдан бері пайдаланылмаған жерлер де бар. Неге тиісті шаралар қолданылмаған? Кейбір адамдар жер телімдерін сатады немесе банктен несие алу үшін кепілдікке салады. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар өте әлсіз, - деген облыс әкімі жерді пайдалану және қорғау басқармасы басқармасының жұмысына төмен баға берді. Жиын соңында Бердібек Сапарбаев Нұрлан Наурызбаевты қызметтік міндетінен босату туралы бұйрық берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети