Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты: қаза тапқандар бар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
instagram.com/info.aqtobe instagram.com/info.aqtobe

Ақтөбе облысындағы тасжолда 8 адам жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысындағы тасжолда 8 адам жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 10 тамызда Хромтау ауданындағы Самара - Шымкент тасжолында апат болды. Жеңіл автомобиль мен ауыр жүк соқтығысқан. Екі адам қаза тапты.

"10 тамыз таңғы сағат 06:00-де Хромтау ауданы Донской ауылының маңындағы Самара-Шымкент автожолында Lada Largus автокөлігі мен Volvo жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Lada Largus жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Полиция департаменті соталды тергеуді бастады. Барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апаттан зардап шеккен тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты.

"Хромтау аудандық ауруханасының жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнына таңғы сағат 05:58-де келді. Зардап шеккен екі адам 103 келгенге дейін өмірмен үйлеспейтін жарақаттарға байланысты қайтыс болды. Үш науқас Хромтаудағы ауруханаға жеткізілді. Қабылдау демалысы деңгейінде кезекші хирург қарады, амбулаториялық емдеуге ұсынымдармен жіберілді. ЖКО-ның екі қатысушысы тексеруден бас тартты", - деп хабарлады Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course down  570.44  course down  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer