28 қазан 2022 08:29

Ақтөбе облысының тұрғыны ауылына көшіп келгендерге баспана, жұмыс, мал беруге уәде етті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының тұрғыны кәсіпкер Жұмабай Бекмағамбетов қазақстандықтарды туған ауылынан көшпей, елді мекендердің жойылып кетуінен сақтануға шақырады. Ол тіпті ауылға көшіп келетіндерге баспана мен мал, жұмыс орындарын ұсынуға уәде берді. Ер адам осы әрекетімен шағын ауылды сақтап қалуға тырысып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Хромтау ауданындағы Қарлау ауылында 150 тұрғын бар. Бұл Жұмабай Бекмағамбетовтің туып-өскен жері. Ол осында отбасын құрып, сүйікті ісін дамытқан. Өткен жылы ол өз қаражатына бастауыш мектеп салып, жеткілікті түрде мұғалімдерді жұмысқа алған. Дегенмен, 40 орынға есептелген білім ошағында 13 бала ғана білім алып жатыр екен.

Мектеп директоры Алмагүл Бекмағамбетованың айтуынша оқимын деушілерді мектеп қабылдауға дайын. Директор бала саны көп болса, білім бәйгесінде бәсекелестіктің де күшейе түсетінін алға тартады.

"Оқимын деушілерге орын жеткілікті. Балалар саны көп болса, салауатты бәсекелестік жағдайында таласа оқып, араласатын еді. Бізде барлық жағдай жасалған", - деді директор.

Шаруа қожалығының басшысы Жұмабай Бекмағамбетовтің өзі еңбекке жарамды ерлерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытып, тұрақты табыспен қамтамасыз етуге дайын екенін айтады.

"Басты мақсатым - осы ауылым Қарлауды жойылып кетуден сақтау. Өйткені болашағы бар мекен. Қалада пәтерден пәтерге көшіп, қиналғанша бізге келуге шақырамын. Алғаш тілек білдіріп, келгендерге бос үй алып беруге дайынмын. Өз атымнан сиыр мен 10 бас қой беремін. Ал келесі жылы үй салуды қолға алмақпын", - деді Жұмабай Бекмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети