27 қыркүйек 2017 10:17

Ақтөбе орталығындағы Мирзоянның ескерткіші заңсыз орнатылған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Диапазон" газеті © "Диапазон" газеті

Ақтөбеліктер Левон Мирзоянның ескерткішін алып тастауды талап етті. Талай қазақтың өліміне себепші болған адамды ұлықтаудың қажеті жоқ деп санайды жұрт. Бірақ мұнымен армян диаспорасының өкілдері келіспейді. Керсінше «Мырзажан» атымен мәлім Мирзоянның күнәсі әлі анықталмады деген пікірде. Десе де мемлекеттік инспекторлар қаланың қақ ортасындағы көктастың заңсыз орнатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Ақтөбеліктер Левон Мирзоянның ескерткішін алып тастауды талап етті. Талай қазақтың өліміне себепші болған адамды ұлықтаудың қажеті жоқ деп санайды жұрт. Бірақ мұнымен армян диаспорасының өкілдері келіспейді. Керсінше «Мырзажан» атымен мәлім Мирзоянның күнәсі әлі анықталмады деген пікірде. Десе де мемлекеттік инспекторлар қаланың қақ ортасындағы көктастың заңсыз орнатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қазір Ақтөбенің қақ ортасындағы бұл көктасты жоқ қылуды қалайтындар көп. Әсіресе, қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының жанын жегідей жеп жүр. Өйткені, Қазақстанды 30-жылдардың аяғында басқарған Левон Мирзоянның кесірінен мыңдаған адамның жазықсыз атылғаны құжаттармен айғақталған. "Қызыл террорды" ұйымдастыруға белсене атсалысқан адамды ұлықтауға негіз жоқ екенін айтады.

"Бұл  қазақ халқын бір қолымен басынан сипап, екінші қолымен қанды қолымен қазақтың талай белсенділерін, талай аталарымызды қырғаны белгілі болып тұр. Неге соларды қырған адамға қаланың қақ ортасынан ескерткіш қояды? Неге оған көше беріледі? Біздер осы биліктен заңды тұрде осы ескерткішті алуын талап етеміз. Сұрамаймыз, талап етеміз", - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Бақытжан Құрманов.


© rikatv.kz

Сондай-ақ, Левон Мирзоянға арналған ескерткіштің осыдан тура 20 жыл бұрын қаланың қақ ортасына орнатылғаны айтылады. Оны көк тастан қашатып, кетер қаражатын барлығын жергілікті кәсіпкер Третерян өз мойнына алған екен. Ол меценаттығы туралы ескерткіштің төменгі бөлігіне жаздырып та қойған.  

Дәл осы ескерткішті сүріп тастауға армян диаспорасындағылар қарсы. Тіпті Мирзоянның күнәсін кешу керек дегенді айтады.

"Біз көше аты мен ескерткіш бұрынғы қалпында қалу керек деп есептейміз. Себебі, бейкүнә адам болмайды. Күнәсі болса, істеген жақсылығымен де таразылап көру керек", - дейді Ақтөбе облыстық армян диаспорасы ақсақалдар алқасының төрағасы Арутюн Микаелян.

20 жыл бойы қаланың қақ ортасында тұрған бұл ескерткіш еш жерде тіркеуде жоқ. Мамандар оның заңсыз орнатылғанын енді айтып отыр.

"Левон Мирзоянның ескерткіш белгісі біріншіден Ақтөбе облысындағы жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер мемлекеттік тізімі деген бар.  Бұл ескерткіш белгі сол тізімде жоқ. Сондықтан да оны алып тастауға болады", - дейді Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас инспекторы Фархад Досмұратов.

Ақтөбеліктер большевиктің атындағы көше атауын да өзгертуді бірнеше жыл бойы биліктен сұрап келеді. Әзірге қалалық мәслихат депутаттары ғана Мирзоян көшесін Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға беруге шешім шығарды. Бірақ облыстағы әріптестері мен ономастикалық комиссиядан хабар болмай отыр (Дереккөз: КТК). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети