22 мамыр 2021 12:55

Ақтөбеде 100-ден аса адамды кене шаққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбеде кене шаққан 100-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 


Ақтөбеде кене шаққан 100-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер зиянкес жәндіктерден зардап шекендерден туляремия ауруы анықталмағанын айтады. Телеарна мәліметінше, дерт жұқтыру жағдайы облыста екі жыл бұрын болған. Ал өңірдің Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қобда және Ойыл аудандарында туляремияның табиғи ошақтары бар. Сондықтан ондағы тұрғындар дертке қарсы жоспарлы түрде екпе алуы тиіс.

Биыл кенеге қарсы өңірде қанша адамның нақты вакцина алғаны осы айдың соңында белгілі болмақ. Санитария дәрігерлер кене шаққан жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек екенін ескертіп отыр.

"Табиғи ошақтарда орналасқан аумақтарында тұратын тұрғындар жеті жасында вакцинация алуы керек. Сосын ревакцинацияға бес жылдан кейін жатады. Аудандарда өзінің жоспарға сәйкес жататын адам вакцинасын алып жатыр. Ол біздің қадағалауымызда", - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гаухар Игілікова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети