27 желтоқсан 2016 09:20

Ақтөбеде әжетханадан табылған нәресте асырап алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде әжетханадан табылған нәресте асырап алынды, - деп хабарлайды "Рика ТВ".


Ақтөбеде әжетханадан табылған нәресте асырап алынды, - деп хабарлайды "Рика ТВ".

Дәрігерлер есімін Мәншүк Мәметова деп қойған қыз шамамен алты ай уақыт Балалар үйінде болды. Қажетті құжаттарды рәсімдеген соң, Мәншүкті ақтөбелік отбасы асырып алды. Қамқорлық органдарындағылардың айтуынша, бұл жұп сәби асырап алу үшін кезекте бірнеше жыл тұрған. Қазіргі уақытта Мәншүк Мәметоваға жаңа есім берілді, бірақ оның жаңа есімі құпия болып қала бермек. Себебі, сәбидің жаңа ата-анасы БАҚ өкілдеріне ешқандай да пікір білдіргісі келмейді.

Еске салайық, биыл мамыр айында Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны Молдағали Орынбасаров көшедегі әжетханадан нәресте тауып алған еді. Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен. Молдағалидың айтуынша, ол ең алдымен "102" нөміріне, кейін жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дегенмен ол полицейлер мен дәрігерлер келгенге дейін шыдамай, шұңқырға түсіп, нәрестені алып шығады. Кейін сәбиді құтқару сәтінің видеосы пайда болды. Ал анасы іздеуде жүр. Айта кетейік, нәрестесін әжетханаға тастаған әйел 4 жылға сотталуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети