10 маусым 2016 13:04

Ақтөбеде арнайы операция жүргізілген жердің суреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлердің суреті Куәгерлердің суреті

Ақтөбеде бүгін арнайы операциялар өткен "Москва" ауданының жаңа суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде бүгін арнайы операциялар өткен "Москва" ауданының жаңа суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суреттерден Арынов көшесіндегі жеке сектордың үйлерін көруге болады, мұнда түнде, куәгерлердің айтуынша, атыс басталған. 

Кейін Мясоедов пен Арынов көшелерінің қиылысында лаңкестердің сыбайласы патрульдік экипажға тегіс ұңғылы қарумен оқ атқаны белгілі болды. Екі қызметкер жеңіл жарақат алды. Ал қылмыскердің көзі жойылған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл қақпаны бронетранспортер бұзып өткен.

Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, лаңкестер жасырынған тұрғын үйден адамдарды қауіпсіз жерге көшіру сағат 4-те басталған. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың айтуынша, бірінші атыс сағат 00.30-да естілген. Тәртіп сақшылары адамдарды үйден көшіріп, автобусқа отырғызған. Содан ІІБ ғимаратына жеткізген. Тұрғындар автобуста түнепті.

Келіссөздер жүргізу барысында лаңкестер берілу туралы ұсыныстан бас тартып, оқ атқан. 

"Арнайы қызмет пәтерге басып кіріп, төрт лаңкестің көзін жойды". - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бейбіт тұрғындардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети