25 қаңтар 2018 11:07

Ақтөбеде автобус апатынан аман қалғандар ауруханадан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында автобуспен болған төтенше жағдайдан аман қалғандар ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін олар ауруханадан шығарылды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық", - деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Өзбекстанның екі азаматы мен Оңтүстік Қазақстаннның үш тұрғыны 18 қаңтардан бері ауруханада жатқан болатын. Өзбекстандықтардың қашан үйлеріне қайтатыны жақын арада белгілі болады.

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети