17 сәуір 2021 09:43

Ақтөбеде базар саудагерлері заңсыз саудаға қарсы шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz сюжетінен © astanatv.kz сюжетінен

Ақтөбедегі Орталық базар саудагерлері шу шығарды. Олар заңсыз саудаға тосқауыл қоюды талап етті. Айтуларынша, сауда орындарын заңсыз иемденгендердің кесірінен пайда таппақ түгілі, жалдамалы орынның ақысын әрең төлеп жүр. Шығынға батқан, кәсіпкерлер осындай қадамға барудан басқа амал қалмады деп отыр. Қара саудадан пайда тауып жүрген кімдер? Бұл туралы Аstanatv репортажында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қара нарыққа жол жоқ! Осындай ұранмен базар сөрелерін жалға алушылар алаңға шықты. Стихиялық саудадан жапа шегіп отырғандарын жеткізді. Сатушылардың айтуынша, "көлеңкелі саудагерлерге" ешқандай шектеу жоқ. Тіпті мұндай бассыздық 10 жылдан бері жалғасып келеді екен.

"Әкімдік не істеп отыр? Біз сауда жасамаймыз ба? Біз салық төлеп отырмыз. Бір метр қара жерге төлеп отырмыз ғой. Бәріміздің бала-шағамыз бар", - дейді саудагер Айнұр Есенбекова. 

Қара базарда тауарлар кез-келген жерге немесе көліктің үстіне қойылып сатылады. Түсірілім тобын көрісімен заңсыз саудагерлер асығыс жинала бастады. Кейбіреуі тауарларын тастап, қашып та кетті. Ал жергілікті атқамінерлер күрес күшейтілгенімен, заңсыз саудаға тосқауыл бола алмай отырғанын мойындайды. Ескертпелер жасап, айыппұл салынумен шектеледі. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ деп отыр.

"Қазір қала әкімдігі стационарлық емес сауда орындарын әзірлеу бойынша алгоритм әзірлеп жатыр. Онда орындар тегін беріледі. Бірақ жоба қашан нақты іске қосылатыны белгісіз", - деді Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ләззат Сматилова. 

Көшедегі сатушыларға, қаланың 17 коммуналдық базарынан орындар ұсынылмақ. Ондағы сауда сөрелері тегін беріледі. Бірақ бұл шаралар қаланы стихиялық саудадан толығымен құтқаруға көмектеседі ме, жоқ па ол жағын ешкім дөп басып айта алмады.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети