25 маусым 2020 17:18

Ақтөбеде демалыс күндері шектеу енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде демалыс күндері уақытша шектеу және карантин шараларын енгізу туралы қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде демалыс күндері уақытша шектеу және карантин шараларын енгізу туралы қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада шектеу шараларын уақытша күшейту 26 маусым сағат 22.00-ден 29 маусым сағат 00:00-ге дейін және әр демалыс күндері: сенбі және жексенбі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін енгізіледі.

Тұрғындар үшін жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлік болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына барып келуді қоспағанда, қала бойынша жаяу және жеке автокөлікпен жүру шектеледі; тұрғылықты жеріне жақын орналасқан дәріханаларда дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдарды, азық-түлік тауарларын сатып алу; шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару; тұрғылықты жеріне тікелей жақын жерде үй жануарларын серуендету.

Ақтөбе тұрғындарына 25 және 26 маусымда қосымша шектеу шаралары енгізілетін кезеңде қажет тауарлар мен дәрілік заттарды қамдану ұсынылды.

Уақытша шектеу кезінде 65 жастан асқан адамдардың себепсіз көшеге шығуы шектеледі.

Қалада сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көлікте, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы нысандарда, адамдар көптеп жиналатын орындарда, көшелерде, саябақтарда, скверлерде, көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерінде ауқымды дезинфекция жүргізіледі.

26 маусым сағат 22:00-ден сағат 00:00-ге дейін меншік нысанына қарамастан келесі объектілердің қызметі тоқтатылады: тапсырыстарды жеткізуге қызмет көрсетуді қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, супермаркеттер, гипермаркеттер, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар базарлары, азық-түлік емес тауарлар дүкендері, жәрмеңкелер, мейрамханалар, кафелер, фудкорттар, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану орындары, фитнес-орталықтар, тренажер залдары, спорт кешендері, барбершоптар, солярий, массаж орталықтары және басқа да қызмет көрсету салалары. Халыққа қызмет көрсету саласындағы барлық нысан, қоғамдық моншалар, сауналар, қоғамдық көлік қозғалысы, техникалық жөндеу орталығы, автокөлік жуу, шиномонтаждау, сервистік, автобөлшектер дүкендері, құрылыс компаниялары. 

Қоғамдық орындардың - саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, ойын алаңдарының және өзге де демалыс орындарының, ақша айырбастауға құқығы бар ұйымдардың қызметтері бар қаржы нарығы субъектілерінің жұмысы тоқтатылады. 

Бірінші кезекте қажет тауарларды сататын азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейтін болады. Олардың жұмыс уақыты: 10:00-ден 20.00-ге дейін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети