18 сәуір 2022 13:28

Ақтөбеде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр instagram.com/aktobe_zello

Ақтөбеде №7 жолаушылар автобусы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан смартфон жөндеу шеберханасына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.


Ақтөбеде №7 жолаушылар автобусы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан смартфон жөндеу шеберханасына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көлік жүргізушісінің жолдан шығып кетіп, Шернияз, 33 мекенжайындағы үйге соғылғаны көрсетілген.

"Автопарк" ЖШС қызметкерлері зардап шеккендердің жоқтығын, автобус айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"18 сәуірде Шернияз-Уәлиханов көшелерінің қиылысында маршруттық автобустың қатысуымен жол апаты болды. №7 автобустың жүргізушісі соқтығысу салдарынан қозғалыс бағытын өзгертіп, дүкен ғимаратын соққан", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер автобуста жолаушылар болмағанын айтты. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети