Ақтөбеде оқушы қыздарының орамалын шешуден бас тартқандар Алматы мен Шымкентке көшіп кеткен

03 Ақпан 2018, 11:56
2
Ақтөбеде оқушы қыздарының орамалын шешуден бас тартқандар Алматы мен Шымкентке көшіп кеткен - © yvision.kz
© yvision.kz

Ақтөбелік мұғалімдер балаларына орамал таққызған ата-аналарды сотта жеңіп шықты, деп хабарлады Алматы телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, бұл өңірде орамалды оқушылардың ата-аналарына жаппай айыппұл салынып жатыр. Қаршадай балалардың басына шыт таққызған ата-аналар №49, 8, 36 және №13 мектеп ұстаздарын сотқа берген. Бірақ сот мектептің ішкі тәртібіне кедергі келтірген ата-аналардың шағымын қанағаттандырмаған. Керісінше, баласын оқуға жібермей қасарысқандарға - 5 мың, қарсы шығу қайталанса 10 024 теңгеден аса айыппұл салынады.

Облыстың бас ұстазы Ләззат Оразбаеваның мәліметінше, орамалды шешуге келіспеген 15-тен аса ата-ана балаларын алып Алматы мен Шымкент қалаларына көшіп кеткен.

"Облыста мектеп жасындағы 134 мың бала бар. Олардың ішінде 162 оқушы орамалдарын шешті. Орамал таққан тағы 178 оқушы қалып отыр. Қалған ата-аналарда жағдайды түсінеді деп ойлаймыз. Баланың сабаққа келмегені үшін ата-ана жауап береді", - деді Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай