25 тамыз 2023 14:07

Ақтөбедегі жантүршігерлік апат: автобус жүргізушісі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Ақтөбеде жол апатына кінәлі автобус жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде жол апатына кінәлі автобус жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 22 тамызда болған. Сағат 17:30 шамасында Daewoo маркалы автобус жүргізушісі Сейітов көшесіндегі Ibis қонақүйінің тұрақ орнынан шығып, М.Мәметова көшесіне қарай солға бұрылған кезінде Lada маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

"ЖКО салдарынан Lada маркалы автокөліктің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болып, кәмелетке толмаған жеңіл көлік жолаушысы дене жарақатымен Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы жатқызылды. ​Daewoo маркалы автокөліктің жүргізушісіне қатысты сот 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" шешімін шығарды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.

Соталды тергеу жалғасып жатыр, сот күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін айқындап, түпкілікті шешімді қабылдайды.

"Адам өліміне әкеп соққан ЖКО себепкер болғаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Азаматтардан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", - деп толықтырды прокуратура.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети