14 желтоқсан 2023 16:38

Ақтөбедегі оқушының өлімі: прокурорлар мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:2gis.kz Фото:2gis.kz

Ақтөбе қаласында 13 жастағы оқушының қайтыс болуына қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе қаласында 13 жастағы оқушының қайтыс болуына қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Ещановтың сөзінше, 14 желтоқсанда сағат 11.55-те қаладағы орталық балалар ауруханасында 2010 жылы туған, 7-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы хабар түскен.

Марқұм оқушының сыныптастарының сөзінше, ол сыныпқа жүгіріп келіп, партаға соғылып, құлап түскен.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Полиция басқармасы мен Ақтөбе қаласының прокуратурасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Іс бойынша іс жүргізу прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуроры жеке бақылауға алды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпаратты растады.

"13 жастағы бала мектепте құлап, үстелдің бұрышына соғылған. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Тексеру кезінде пульсация болмады, қан қысымы анықталмады, ес-түссіз болды. Иек аймағында жарақат болды. Дереу реанимация жасалды. Сағат 11:25-те қайтыс болды", - деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети