07 маусым 2016 13:39

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қаладағы терактіден 8 адам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер.

1. Максименко Андрей Владимирович, 1972 жылғы, "Паллада" дүкенінің сатушысы. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

2. Онищенко Николай Александрович, 1947 жылғы, "Паллада" дүкенінің маңынан өтіп бара жатқан кезде өлтірілді, Орынбордың Сагарчик ауылының тумасы. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

3. Тәжібаев Мерхан Есенбайұлы, 1983 жылғы, "Күзет" қызметінің қызметкері, артында екі баласы қалды. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

4. Матросов Михаил Витальевич, 1981 жылғы, "Пантера" дүкенінің маңынан өтіп бара жатқан кезде өлтірілген. 13 жастағы ұлы қалды. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

5. Сапар Дасбол Еркімбекұлы, 1997 жылғы, 6655 әскери бөлімінің жедел қызметінің сарбазы. Отбасы ОҚО Шардара ауданы Көксу ауылында тұрады.

6. Майлыбаев Даниэль Ақарысұлы, 1975 жылғы, әскери қзметші, 6655 әскери бөлімінің офицері, Қызылорда облысының тумасы. Отбасы Алматы облысында тұрады.

7. Қалиев Берік Ерланұлы, 1978 жылғы, әскери қызметші, 6655 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша жұмыс істеген, артында 4баласы қалды.Отбасы Оралда тұрады.

8. Байқанатов Нұрбек Сергеевич.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети