Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ақтөбелік миллионер ҰКП мемлекеттік сатып алулар департаментінің басшысы болып тағайындалды

13 Қазан 2014, 20:00
0
Марат Әбиев. Фото vk.com
Марат Әбиев. Фото vk.com

Ақтөбелік жас миллионер ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алулар департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі palata.kz сайтына сілтеме жасап.

"13 қазанда Марат Әбиев ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік сатып алулар мен жергілікті дамуды қамту департаменті директорының орынбасары - директордың міндетін атқарушы болып тағайындалды" - делінген Ұлттық палата таратқан ақпаратта.

Марат Әбиев - Қазақстан тауар өндірушілер қауымдастығының президенті, "Казахстанская мечта" кітабының авторы.

Ол 1989 жылы 6 қыркүйекте Ақтөбе облысы Қандыағаш (Октябрьск) қаласында дүниеге келген. Марат Әбиев №32 орта мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе кооперативтік техникумына оқуға түсіп, оны 2009 жылы "Ақпарат өңдеудің және басқарудың автоматтандырылған жүйесі" мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ол 13 жасыннан бастап желілік маркетингпен айналысады. Бір жылдан кейін өзі жасаған тізімге енген таныстары таусылып желілік маркетингтің болашағы жоқ екенін түсінеді. Содан кейін продюсерлік жұмыспен айналысуға шешім қабылдайды. Марат Әбиев 14 пен 16 жас аралығында ақтөбелік рэп-тобына продюсер болған.

Марат 2004 жылы компьютерлік және оргтехникалық қызмет көрсетумен айналысатын ААА Тechnology компаниясын құрып, 2007 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастайды. Ол 2009 жылы автокөлікке спутниктік мониторинг жасайтын "Еуромобайл Қазақстан" ЖШС-ын, ал 2011 жылы "KSP Steel Сауда үйі" ЖШС-ын құрды.

"KSP Steel Сауда үйі" ЖШС-нің 25 жастағы қожайыны Марат Әбиевтің есімі Forbes Қазақстан журналы қазақстандық 100 миллионер кәсіпкердің тізімін жариялағаннан кейін көпшілікке таныла бастаған. Мұнай саласына қажетті тауарларды өндірумен айналысатын кәсіпкердің қаржысы 11 миллион долларға бағаланады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай