26 наурыз 2021 11:02

Ақтөбелік тұрғын дәрігерлер кінәсінен көзі көрмей қалғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ақтөбе қаласының тұрғыны 23 жастағы Арыстан Бірназаров көзінен айрылуы мүмкін. Бұған дәрігерлер кінәлі деп отыр. Карантинге байланысты ота жасау уақыты кейінге қалған. Нәтижесінде жасанды көз қоюға тура келеді. Алайда емхана да, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да өз кінәсін мойындамай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтөбе қаласының тұрғыны 23 жастағы Арыстан Бірназаров көзінен айрылуы мүмкін. Бұған дәрігерлер кінәлі деп отыр. Карантинге байланысты ота жасау уақыты кейінге қалған. Нәтижесінде жасанды көз қоюға тура келеді. Алайда емхана да, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да өз кінәсін мойындамай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы Арыстан Бірназаров оң жақ көз қабыршығын зақымдап алған. Кейін төрт рет ота жасатқан. Оның екеуін портал бойынша Алматы Ғылыми зертеу орталығында (ҒЗИ) жасаған. Зақымданған органға жасанды қабықша салынған. 5 айдан кейін оны алып тастау қажет болған. Бірақ Ақтөбедегі дәрігерлер уақытында есепке қоймаған.

Арыстан 1,5 жылдан кейін ҚазҒЗИ-ға өтінім қалдырғанда, тым кеш екені анықталды.

"Алматыда мені жүйеге есепке қоймағанын айтты. Онда менің атымнан өтінім тіркелмеген. Импланттың уақыты болады. Оны ауыстырып отыру керек. Егер уақытында жасалмаса көзді толық алып тастайды", - деді Бірназаров.

Қазір Арыстанның тек бір жақ көзі көреді. Ол мүгедектіктің үшінші тобына жатады. Бұл ота арқылы кем дегенде көру қабілетін жақсартуға мүмкіндік болған. Оның дәрігері 2020 жылдың қаңтарында өтінім қалдырғанын мәлімдеді. Тек Алматы институтында науқасты карантинге байланысты қабылдаудан бас тартқан.

"Мүмкін, карантинге байланысты 7-8 айға кешіктірілген шығар. Қаңтардың басында, тамыз-қарашаға дейін карантин қойылды. Ол кезеңде ота жасау толығымен тоқтатылды",-деді Ақтөбе № 1 емханасының офтальмолог дәрігері Венера Оразалина.

Сондай-ақ, емхана басқа қалада науқастарды емдеуге барлық өтінімдерді облыстық денсаулық сақтау басқармасы беретінін айтты. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның міндеті - емханадан мәлімет алу, содан кейін ғана пациентті жүйеге тіркеу. Арыстан үшін отаға соңғы өтінімді емхана 2021 жылдың ақпанында жібергені анықталды.

Арыстан Бірназаров медицина қызметінің сапасын бақылау комитетіне хабарласып, сотқа шағым түсіруге ниетті. Сонымен қатар, ол арна тілшілеріне көзін сақтап қалатын шетелдік клиникаларды іздестіріп жатқанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети