16 сәуір 2017 14:47

Ақтөбенің кейбір тұрғындары су тасқынының салдарынан мектептерді паналауға мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Ақтөбе қаласында Илек өзінінің суы көтерілгендіктен ("Госсветсеть", "Каргалинка" и "Аксуат") бақша егу және саяжай кооперативтерін су басты. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ТЖК мәліметінше, 300-ге жуық адам эвакуацияланған. Екі мектепте 12 пункт ашылды, оларда 53 адам қоныстанды, оның ішінде 12 бала бар. 248 адам туыстарының үйіне көшірілді. 

"Аулаларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Илек өзенінің екі бетінде де хабарландыру топтары жұмыс істеп жатыр, қоғамдық тәртіп күзеті іске асырылуда. Әлеуметтік желі, телеарна және SMS-хабарлама арқылы хабарландырулар жіберіліп жатыр", - деді Иманқұлов. 

Су тасқыны жағдайының көзін жою үшін ТЖК жасақтары, Ұлттық гвардия, жергілікті полиция қызметі және жергілікті орындаушы органдардан 500 адам және 124 арнайы техника жұмылдырылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети