04 тамыз 2022 12:39

Алаяқтардан қорғану. Атыңызға кредит алынғанын қалай білуге ​​болады?

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицияға басқа адам атынан несие алатын алаяқтардың құрбаны болғандар жиі хабарласады. Олар көбіне банк пен микрокредит ұйымдары хабарласқан кезде ғана қарыздары бар екенін біледі. Tengrinews.kz материалында несие тарихы туралық толығырақ біле аласыз. Қазақстандықтарға деректерін нақтылап, өзі алмаған несиелер анықталған жағдайда полицияға жүгінуге кеңес береміз.


Полицияға басқа адам атынан несие алатын алаяқтардың құрбаны болғандар жиі хабарласады. Олар көбіне банк пен микрокредит ұйымдары хабарласқан кезде ғана қарыздары бар екенін біледі. Tengrinews.kz материалында несие тарихы туралық толығырақ біле аласыз. Қазақстандықтарға деректерін нақтылап, өзі алмаған несиелер анықталған жағдайда полицияға жүгінуге кеңес береміз.

Мамырда полиция басқаның ЖСН-і бойынша несие рәсімдеген алаяқты ұстады. Ол Желіде ашық әрі қолжетімді ЖСН мен жеке куәлік суреттерін жинаған. Оның құрбандары түрлі аймақ тұрғыны, ал алаяқ Қарағандыда ұсталды. Бұл іс бойынша полицияға 100-ге жуық жәбірленуші жүгінді, бірақ нақты саны әлі де анықталып жатыр.

Егер банк несиесін ресімдеген болсаңыз, онда сізде кредит тарихы қалыптаста бастайды. Онда несие, қайтару мерзімі және төлеу мерзімін өткізіп алу туралы деректер сақталады. Заң бойынша жылына бір рет Қазақстанның әрбір азаматы өзінің несие тарихын тегін біле алады. Ал бір жыл ішінде несие тарихын қайта сұрау қызметінің құны 400 теңге болады.

Несие тарихын еліміздегі ХҚКО-ларда және "Қазпошта" бөлімшелерінде білуге болады. Несие бюросының веб-сайтында және Egov.kz порталында несие тарихын онлайн білуге болады, мұндайда электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

eGov.kz қызметінде несие тарихы "дербес несие есебін алу" бөлімінде қолжетімді.

Әрі қарай сіз деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ, Бірінші несие бюросында сіз туралы ақпарат жинауға келісім беруіңіз керек. Кейін қызметке ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Шамамен 15 минут күтуіңіз керек.

Егер ақпаратты тағы алғыңыз келсе, сізден қызметке ақы төлеуді сұрайды. Сайтта төлем үшін комиссия алынбайды, бірақ Halyk банктің электрон төлем терминалы арқылы Kaspi Bank картасымен төлегіңіз келсе, комиссия 100 теңге болады.

Құжаттар өтініш берген соң 4 минуттан кейін дайын болады.

Құжаттан барлық ақпаратты көре аласыз. Онда кейінгі 10 жылдағы барлық несие мен олар бойынша төлем туралы ақпарат бар. Ең маңызды ақпарат үшінші бетте, несие кестесі. Егер несиеңіз болмаса, бағандарда нөл тұрады.

Бірінші несие бюросы азаматтың несие беруші алдындағы міндеттемелерін қалай орындағанына қатысты мәлімет жинайды.

"Егер несие есебіңізде бұрын өтелген несие шарттарында төлем мерзімі кешіккен жағдайлар болса, онда бұл ақпарат осы кестеде көрсетіледі. Егер кестеде көрсетілген мәлімет дұрыс болса, онда олар жою, түзету, жаңартуға келмейді", - деп түсіндірді бюрода.

Соңында несие тарихыңызды бұрын кімдер сұратқанын көре аласыз. Олар негізінен сіз несие немесе ипотека алуға өтініш берген банктер болады.

Бюро мәліметінше, егер несиелік есепте қамтылған ақпаратпен келіспесеңіз, өзіңіз алмаған несиелер көрсетілсе немесе іс жүзінде болмаған төлемді кешіктіру жағдайлары көрсетілсе, ақпарат жеткізушіге, яғни несие берген банк немесе кредит бюросына ақпаратты даулайтын өтінішпен жүгіну керек. Бюро мекенжайлары олардың ресми сайтында көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети