16 қазан 2015 17:37

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы тұрақсыз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pinme.ru © pinme.ru

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның батысынан өзге аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Алдағы демалыс күндері Қазақстанның батысынан өзге аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер 17-19 қазанға арналған ауа райы болжамын жария етті.

"Алдағы демалыс күндері жауын-шашынсыз, алабұлтты ауа райы батыс өңірінің тұрғындарын қуантатын болады. Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты екпінді жел тұрып, жауын-шашынды болады, ол ауа райының тұрақсыз мәнін белгілейді", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Айта кетейік, 17-19 қазан аралығында Қазақстанның солтүстік бөлігінде түнгі ауа температурасы -6+3 градус аралығында болады, ал күндіз 3-12 градус жылы. Ал оңтүстікте түнде -3+10, күндіз 7-18 градус жылы болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады. Алдағы қыс, синоптиктердің болжамына қарағанда, өткен жылдың қысымен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткіштерге жақын болады, бірақ қаңтар айында нормадан 1-2 градусқа суық.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети