10 маусым 2016 12:33

Алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы: Оңтүстікте аптап, солтүстікте жаңбыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2016 жылдың 11-13 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.


Синоптиктер 2016 жылдың 11-13 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Қазақстанның оңтүстік облыстарында құрғақ және аптап ыстық болуда. Температураның шырқау шегі 32-38º, жекелеген аудандарда 40-42 градусқа жетті. Республикамыздың шығысы мен орталығында да аптап ыстық, күндіз 30-35 градус,  бұл әдеттегіден 3-7 градусқа жоғары", - делінген хабарламада.

Алайда,  "Қазгидромет" өкілдерінің айтуынша, бұл аймақтың кей жерлерінде найзағайлы көшпелі жаңбыр жауып өтеді. Солтүстік және батыс облыстарда, батыстан келетін атмосфералық суық фронттардың өтуінің әсерінен жаңбыр күтіледі. Солтүстіктің кей жерлерінде нөсер, күн күркіреп кей жерлерде бұршақ болады деп күтіледі. Температура көпжылдық белгіге жақын, республикамыздың батысында ол белгіден 3-5 градусқа төмен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети