11 сәуір 2018 16:48

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Синоптиктер 12-14 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 12-14 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері оңтүстікте күн жылынады.

"Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттар кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр және ылғалды қар алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді. Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарына фронттардың артынан Орта Азиядан жылы ауа келеді. 13 және 14 сәуірде күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 20-25 дейін, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін ауа жылынады", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, синоптиктер Қызылорда және Қостанай облыстарында ескерту жарияланғанын айтты. "12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман; күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі 12 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі", - деді "Қазгидромет" мамандары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети