Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

12 Мамыр, 11:07
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстанның бірнеше облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады екен.

"Осыған байланысты республиканың батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі, шығысында атмосфералық фронталды бөлімдер өтеді, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік - батыста тұман түседі", - делінген хабарламада. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысында - Жалаңашкөл ауданында секундына 20-25 метр жел күшейеді. Павлодар, Түркістан, Атырау, Қостанай облыстарында күн күркіреп, секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр болып, шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау, түнде Ақмола, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай