25 маусым 2022 17:33

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 26 маусымда 40 градусқа дейін аптап болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.


Қазақстанда 26 маусымда 40 градусқа дейін аптап болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

26 маусымда күндіз Қарағанды облысының орталығында, оңтүстікте, шығыста найзағай болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз оңтүстік-шығыста, шығыста, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус ыстық сақталады.

Ұлытау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Облыстың көп бөлігінде 35-39 градус аптап сақталады.

Ақмола облысының басым бөлігінде түнде солтүстікте, шығыста, күндіз найзағай болады. Күндіз батыста, оңтүстікте, шығыста бұршақ, дауыл. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. 
 
Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
 
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында түнде найзағай соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні секундына 15 метр жел соғады.

Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метр болады. Күндіз 37 градус ыстық сақталады. Конаев қаласында 37 градус ыстық сақталады. Күндіз Жетісу облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз 37 градус ыстық сақталады.

Қостанай облысында түнде батыста, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. 
 
Қызылорда облысында 40-44 градус аптап сақталады. Жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде күндіз, түнде солтүстікте, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз 35-37 градус аптап сақталады. Батыстан, солтүстіктен, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Орталықта, Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

26-27 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ болады. 26-27 маусымда таңертең және күндіз солтүстік-батыстан, облыстың батысы мен солтүстік-шығысында, таулы аудандарда секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус аптап болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети