20 қазан 2017 12:43

Алдағы күндері жаңбыр жауып, арты қарға ұласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2017 жылғы 21-23 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2017 жылғы 21-23 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, Қазақстанның солтүстік жартысы арқылы үлкен жылдамдықпен жылжып келе жатқан атмосфералық фронттар, демалыс күндері жаңбыр жауып, кейіннен ол қарға ұласқан жауын-шашын болып, кей жерлерде күшті батыс желі соғады деп күтіледі екен.

"Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарында қалыптасқан  жаңа циклон жексенбі күні Қазақстанның батыс өңірлеріне көшіп, дүйсенбі күні орталық және солтүстік аймақтарға жетеді. Циклонмен байланысты температура төмендеп, одан әрі, негізінен, қар түріндегі жауын-шашын солтүстік өңірлерде күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда, алдағы демалыс күндері, атмосфералық қысымның жоғары болуының әсерінен ауа райы жылы, көбіне жауын-шашынсыз болады", - делінген болжамда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети