1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады? 28 сәуір 2018, 10:17

Синоптиктер 29 сәуір - 2 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Синоптиктер 29 сәуір - 2 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап

"Атмосфералық фронттардың ықпалынан сәуірдің соңғы күндерінде кей жерлерде, әсіресе, Қазақстанның солтүстігі мен шығыс облыстарында басымырақ жаңбыр өтеді. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталық аудандарға жоғарғы атмосфералық қысым өрісі ықпал етеді. Бұдан басқа, күндіз оңтүстік және оңтүстік-шығыста, орталықтың кей жерлерінде ауа температурасы 22…33 градусқа дейін жоғарылайды. Республиканың басым бөлігінде 1 және 2 мамырда атмосфералық фронттар ауа райын анықтайтын болады, Соған байланысты найзағайлы өткінші жаңбыр, екпінді жел, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі.", - деді синоптиктер.



Join Telegram