09 қараша 2016 | 18:37

"Әлем аруына" Қазақстан атынан қатысқан қыз Дональд Трамппен қалай танысқанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2013 жылы "Әлем аруы" конкурсына Қазақстан атынан барған Әйгерім Қожахан АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамппен қалай танысқаны жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

2013 жылы "Әлем аруы" конкурсына Қазақстан атынан барған Әйгерім Қожахан АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамппен қалай танысқаны жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ару Трамптың финал алдында қатысушылардың дайындығын білуге бірнеше рет келгенін айтады. Ол әрбір қатысушыны бақылап, жылы шырай танытқан. 

"Дональд Трамп мүкіндігінше әрқайсымызға келіп, жағдайымызды біліп, ұйымдастыру ұнағанын, не ұнамағанын және бізде презентациялар бар ма деп біліп кететін. Әрбір қатысушыны тыңдап, кеңестерін бөлісетін және мақтайтын. Сонымен қатар, қатысушылардың елінде болғанын айтып жүретін. Қазақстанда болмаған, бірақ, еліміз жайлы көп естігенін айтады. Ол бәрімізге ашық адам сяқты көрінді, сонымен қатар, орнымен, салмақтан сөйлейтін. Мен өзім сайлауды бақылап жүрдім және Дональд Трампты жеңісімен құттықтаймын", - дейді Әйгерім Кожахан.

2013 жылы конкурс Дональд Трамптың иелігінде болатын, ол ұйымды тек 2015 жылдың қыркүйек айында сатқан еді. Оған дейін Трамп кокурстың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне белсенді қатысып жүрген. Сол жылы "Әлем аруы" алғаш рет Мәскеуде өткізіледі деген шешім қабылданған болатын. Сол жылы ұйымдастырушы Crocus Group компаниясының президенті және вице-президенті Араз бен Эмин Агаларовтар болды.

Ол уақытта конкурс финалының алдында Трамп түрлі елдердің журналистеріне ықыласпен сұхбат берген болатын. Tengrinews.kz тілшісі де миллиардермен сұқбаттаса алды. Дәл сол кезде ол Қазақстанда болып қайтқысы келетінін және бір күні міндетті түрде келетінін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети