“Әлемдік қоғамдастық үшін маңызы зор“ - Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы келісім туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Әлемдік қоғамдастық үшін маңызы зор“ - Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы келісім туралы Фото:depositphotos.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының X парақшасындағы жазбасына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының X парақшасындағы жазбасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының сөзінше, халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор.

"Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады", – деп жазды Мемлекет басшысы X парақшасында.

Трамп Иранмен келісім жасалғанын және Ормуз бұғазы ашылатынын жариялады

Еске салайық, 15 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен келісім жасалғанын, Иранға қатысты теңіз блокадасы алынатынын және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданатынын жариялады.

Ақ үй басшысы Ормуз бұғазын ашу жұма күні, 19 маусымда Иранмен келісімге қол қойылғаннан кейін жүзеге асатынын нақтылады. Содан кейін, Трамптың айтуынша, "аймақ пен әлем үшін мұнай қайтадан екі бағытқа да ағады".

Келіссөздерде делдал болған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф бұл келісім барлық әскери операцияны, соның ішінде Ливандағы Израиль операциясын да "дереу тоқтататынын" хабарлады.

Иран мен АҚШ келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп жатыр

Вашингтон мен Тегеран арасындағы бейбіт келісімдер туралы жаңалық жаһандық қаржы алаңдарында жедел серпіліс тудырды. Мұнай бағасы төмендеп жатыр, ал қор индекстері керісінше жоғарылай бастады. "Қара алтын" бағасы 4 пайыздан аса көрсеткішке құлдырады.

Сауда барысында Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 84 доллардан төмен, ал америкалық WTI маркасының бағасы 81 долларға дейін төмендеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +26
Ақтау +25
Ақтөбе +25
Атырау +26
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +28
П
Павлодар +24
Петропавл +27
С
Семей +27
Т
Талдықорған +26
Тараз +29
Түркістан +22
О
Орал +24
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер