Әлеуметтік желілерде референдум бойынша қандай үгіт-насихат жүргізуге болмайды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде референдум бойынша қандай үгіт-насихат жүргізуге болмайды? Фото: elements.envato.com

Қазақстандықтар референдумда көтерілетін мәселелерді қолдап та, қарсы да үгіт жүргізуге құқылы. Дегенмен, кейбір үгіт-насихат жазбалары заңсыз болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Республикалық референдум туралы" заңда үгіт-насихат жүргізуге мынадай анықтама берілген: азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге референдумда қойылған мәселе бойынша өз пікірін білдіру құқығына кепілдік беріледі. Азаматтардың кез келген пікір айтуға құқығы бар, егер бұл науқан белгіленген қағидаттарға сай болса, жауапкершілік жоқ", - деді брифингте референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссия мүшесі Анастасия Щегорцова.

Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары:

  • аноним болмауы керек;
  • конституциялық құрылысты, елдің тұтастығын зорлық-зомбылықпен өзгертуге, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге шақырмауы керек;
  • нәсілдік, әлеуметтік араздықты қоздырмауы және зорлық-зомбылыққа шақырмауы керек.

"Сондай-ақ, ол белгіленген уақытында жариялануы керек, оған уақыт жеткілікті, тек үнсіздік күні - 4 маусым және дауыс беру күні - 5 маусымнан басқасы", - деді Щегорцова.

Ресми БАҚ-тағы жарияланымдар да, әлеуметтік желілердегі жазбалар да, тіпті мессенджерлердегі хабарламалар да үгіт-насихат жұмыстары саналады, деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасы Қанат Ысқақов. Ол жалған парақшалар мен аноним арналардан үгіт жүргізуге тыйым салынғанын түсіндірді.

"Үгіт-насихат жүргізу принциптерінің бірі - деанонимизация, яғни автордың болуы. Әлеуметтік желілер, онлайн платформалар, мессенджерлер - мұның бәрі БАҚ. Тиісінше, бұл алаңдарда үгіт-насихат жүргізу заң талаптарына бағынады. Аноним материалдарды орналастыруға тыйым салынады және рұқсат етілмейді", - деді Қанат Ысқақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +20
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +22
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +22
П
Павлодар +18
Петропавл +20
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +20
О
Орал +18
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер