Алматыдағы Алғабас ықшамауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер тексерілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің құрылыс бақсармасының басшысы Мұхамедғаріп Құрманалиевке сілтеме жасап. Бұл ықшамауданда бір үй қисайып қалып, 200 жүзге тұрғын адам эвакуацияланған еді.

"Комиссияның барлық үйде тексеріс жүргізілуі керек деген шешімі бар. Сондықтан өздеріңіз білетіндей, бізде соңғы уақыттарда толасты жаңбыр жауды. Барлық 9 қабатты 29 тұрғын үй тексеріледі", - деп хаюарлады Мұхамедғаріп Құрманалиев. Оның айтуынша, бұл жағдай Алматы әкіміні Бауыржан Байбектің бақылауында.
Айта кетейік, оқиға орнында штаб құрылған, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары түнде эвакуацияланған болатын. ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, үй астындағы жер отырып қалған және содан үй қисайған. Бұл үйде шамамен 200 адам тұрады. Түні бойы оқиға орнында қалалық жедел қызмет өкілдері кезекшілік етті.
"Астана құрылыс" компаниясының бас директоры Бекболат Амантурлин Алматының Алғабас ықшамауданында орналасқан тұрғын үйдің қисаюына қатысты пікір білдірген еді.