Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Алғабаста" қисайып қалған үйді салған құрылыс компаниясының басшысы түсінік берді

02 Маусым 2016, 11:09
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

"Астана құрылыс" компаниясының бас директоры Бекболат Амантурлин Алматының Алғабас ықшамауданында орналасқан  тұрғын үйдің қисаюына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол үйдің сапасыз тұрғызылғанын жоққа шығарды. "Сапасыз тұрғызылғанын мойындамаймын. Комиссия шешім шығарады. Соны күтейік, содан кейін анықтаймыз", - деді Амантурлин.

Дәл қазір оқиға болған жерде штаб құрылып, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. "Бүгін динамика тұрақты. Басқа қозғалыс жоқ. ҚазҚСҒЗИ өкілдері осында шақырылды, тұжырымдама жасалады. Соның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдаймыз. Біздің компанияға қатысты ескертулердің барлығын жоямыз", - деді Амантурлин. Оның айтуынша, үй тұрғындарының барлығы қонақүйге көшіріліп, қажетті жабдықтармен қамтылған.

Айта кетейік, апатты жағдайда тұрған үйдің маңында таңнан бері тұрғындар кезекшілікте тұр. Тұрғындардың бірі Роза Бахтиеваның айтуынша, олар үйден түн ортасында кеткен. Өздерімен бірге құжаттары мен қатты қажет заттарын алып үлгеріпті. "Біз мұнда бірнеше ай бұрын көшіп келген болатынбыз. Басынан бері жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Жертөледе су болды. Дегенмен олар барлығы дұрыс екенін айтты. Пәтерімізде заттарымыз қалып қойды, бізді онда кіргізбей жатыр", - деді Бахтиева. Ол түнді кішігірім жатақханада өткізгенін жеткізді.

Айта кетейік, үйдің 2014 жылы тұрғызылғаны белгілі болды. Тұрғындар оған 2015 жылдың қазанында Мемлекеттік бағдарлама бойынша көшіп барған екен. Үйде 72 пәтер бар.

Еске салайық, Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары түнде эвакуацияланған болатын. ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған.

ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, үй астындағы жер отырып қалған және содан үй қисайған. Бұл үйде шамамен 200 адам тұрады. Түні бойы оқиға орнында қалалық жедел қызмет өкілдері кезекшілік етті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай