22 қаңтар 2014 12:21

Алкоголь өнімдеріне тыйым күшейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Марат Абилов© Фото Марат Абилов©

Мәжіліс «Алкоголь өнімдерінің айналымын реттеу туралы» жаңа Заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ендігі кезекте бұл жаңа құжаттың толық атауы "ҚР алкоголь өнімдері мен этил спиртін өндіру және оның айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы деп аталады. Айта кету керек, Қаржы министрлігі ұсынған жаңа заңда кешкі сағат 21:00-ден бастап күндізгі 12:00-ге дейін және демалыс күндері дүкендерде алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салу қарастырылған. Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, болашақта алкоголь өнімдерінің акциздік салығы көтеріледі. Дегенмен, ол шара ішімдіктің нарықтық бағасына айтарлықтай әсер етпейді. Бұған Қаржы министрлігі "күшті алкоголь өндіретін зауыттардың салмағын реттеу керектігін" де алға тартып отыр. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату және сатылатын жерін анықтауға да бұдан былай айрықша қадағалау орнатылмақ. Мәселен, бұдан былай жанар-жағармай стансыларында, көше бойларындағы дүңгіршектерде ішімдік түрлерін сатуға қатаң тыйым салынбақ. Бұған қатысты отандық сарапшыларымыз "Ресейдегідей тек қана арақ-шарап, темекі өнімдерін сататын арнайы мемлекеттік супермаркеттердің болғаны дұрыс" дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети