20 наурыз 2020 01:17

Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттер: Әлихан Сариев Суреттер: Әлихан Сариев

Алматыда Достық даңғылында орналасқан Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Достық даңғылында орналасқан Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің сөзінше, кешенді Ұлттық ұлан сарбаздары мен полицейлер қоршауға алған. Айналасына темір қоршау орнатылған.

Қазіргі уақытта территорияға ешкімді кіргізбей, ешкімі шығармай жатыр.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мән-жайды кейінірек хабарлауға уәде берді.

Айта кетейік, 19 наурызда WhatsApp желісінде Almaty Towers қоршауға алынғаны туралы хабар тараған болатын. Алайда қала әкімдігі бұл мәліметті жоққа шығарған. Кешен маңында ешқандай да операция жүргізілмеген еді.

Еске салайық, бұған дейін "Сұңқар" тұрғын үй, ал кейін оның маңындағы үйлер карантинге жабылған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 44 адам коронавирус жұқтырған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети