04 шілде 2019 15:01

Алматы әкімі полиция басшысына тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/sagintayev_b/ © twitter.com/sagintayev_b/

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық полиция департаментінің басшылығымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен жиын өткізді. Бұл туралы мегаполис басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық полиция департаментінің басшылығымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен жиын өткізді. Бұл туралы мегаполис басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Істің жағдайын, келеңсіз жайттарды және мегаполисте қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті күшейтудің алдағы шараларын талқыладық. Ұрлыққа, бұзақылыққа, тонауға және нашақорлыққа қарсы күресті барынша күшейту қажет. Мұнда патрульдік полицияның жұмысын қайта қарап, видеобақылау желісін кеңейткен жөн. Полиция департаментіне учаскелік пункттерге тексеру жүргізуді, модернизация бойынша ұсыныс беруді тапсырдым. Полиция жұмысының басты көрсеткіші халықтың сенімі болуы тиіс. Барлық мәселелер менің жеке бақылауымда", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев. 

Сондай-ақ, қала басшысы Twitter желісіндегі парақшасында құқық қорғау орган өкілдерімен болған жиын туралы былай деп жазды: "Қылмысқа, криминалға, есірткіге қарсы күресудің, ППҚ пен учаскелік пункттердің жұмысын жаңартудың жолдарын белгіледік. Алматы тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз қала болуы тиіс. Бұл ПД жұмысына берілген баға".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети