1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы әкімдігі газ тексеруші алаяқтардан сақ болуды ескертті 09 наурыз 2021, 13:15

Алматыда газ жабдықтарын тексеру қызметі ретінде тұрғындарды алдайтындар көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz басылымына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда газ жабдықтарын тексеру қызметі ретінде тұрғындарды алдайтындар көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігі хабарлады. Әлеуметтік желілерде тұрғындар газ жабдықтарын ақылы түрде тексеруге келетіндер көбейгенін айтып шағымданды. Олар өздерін тексеруші компания қызметкерлері ретінде таныстырады. Алаяқтар газ-пешінен де, оның қосалқы құрылымынан да "ақау" тауып, оған сендіре алады.

"Алаяқтарды бірден анықтау қиын, өйткені газ жабдығын тексерумен газ жеткізуші емес, келісім-шарт жасасқан ЖШС айналысады. Сіз қызмет көрсететін ұйымға қоңырау шалу арқылы алаяқты анықтай аласыз. Оның байланыс нөмірлері әдетте түбіртекте көрсетіледі. 104 қызметі тек төтенше жағдайларды жоюмен айналысады", - дейді әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер алаяқ арбауына түспеу үшін бірнеше кеңес берді.

  • Есікті ашпас бұрын, тексерушінің қызметтік куәлігін сұрап, қызметкердің жеке басын тексеру үшін ұйымға қоңырау шалыңыз;
  • Көршілеріңіз көрсетілген тізім бар екеніне көз жеткізіңіз. Өйткені жоспарлы тексеру кезінде коммуналдық қызметкерлер бүкіл пәтерді немесе көшені бірден тексереді;
  • Үйге тек бір қызметкердің кіруіне рұқсат етіңіз;
  • Оларды мұқият бақылап, бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз;
  • Ақау анықталған кезде акт жасауды талап етіңіз;
  • Ақша берсеңіз түбіртек талап етіңіз;

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!